8 сағат бұрын
Грэпплингтен Азия чемпионы Халық Кеңесінің құрамына енді
Қазақстандық спортшы әрі жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаров Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 22 қыркүйектегі №1474 Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Кеңес құрамына барлығы 126 азамат енді. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, депутаттар, сарапшылар, кәсіпкерлер, ғалымдар, мәдениет және спорт саласының өкілдері бар.
Тізімде Нұрсұлтан Орынбасаров 88-ші болып көрсетілген. Ол Алматы облысы мәслихатының депутаты әрі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының директоры ретінде таныстырылған.
Орынбасаров — джиу-джитсудан спорт шебері, грепплингтен Азия чемпионы, ММА шебері. Ол сондай-ақ «Sagadat Batyr» спорт клубының негізін қалаушы ретінде жас спортшыларды дайындап келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов