6 сағат бұрын
Қазақстандық шахматшы қыздар Олимпиада көшбасшысымен ұпай бөлісті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Шахматтан Самарқанд қаласында өтіп жатқан 46-шы Олимпиаданың сегізінші турында аруларымыз 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Үндістанмен шаршы тақта жолықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, екінші тақтадағы Алуа Нұрман биылғы әлем чемпиондығына таласатын Рамешбабу Вайшалиді жеңіп, команданы алға шығарған еді. Алайда төртінші тақтадағы шешуші кездесуде Үндістан өкілі Савита Шри Баскар жеңіс үшін тәуекелге барып, таразы басын теңестіріп кетті.
Ал Қытай өз кезегінде Грузиядан 2,5:1,5 есебімен басым түсіп, жеке-дара көш басына шықты.
Қазақстан - Үндістан - 2:2
Тең ойын: Бибісара Асаубаева – Конеру Хампи
Жеңіс: Алуа Нұрман – Рамешбабу Вайшали
тең ойын: Меруерт Камалиденова – Дивья Дешмух
Жеңіліс: Елназ Қалиахмет – Савита Шри Баскар
Әйелдер. 189 команда
1.. Қытай – 15 ұпай (7 жеңіс, 1 тең ойын)
2. Қазақстан – 14 ұпай (6 жеңіс, 2 тең ойын)
2.Моңғолия - 14 ұпай
2. Армения - 14 ұпай
Ерлер арасындағы басты сенсация Өзбекстан мен Германия матчында тіркелді. 7 жеңіспен келе жатқан жарыс қожайындары күтпеген жерден 1,5:2,5 есебімен есе жіберді.
Қазақстан құрамасы кешегі жеңілістен кейін Босния және Герцеговинадан басым түсе алды.
Қазақстан - Босния және Герцеговина - 3:1
Жеңіс: Денис Махнёв – Санджин Кулум
Жеңіс: Сауат Нұрғалиев – Риджад Бурович
Тең ойын: Даниал Сапенов – Деян Мариянович
Тең ойын: Алдияр Аңсат – Далибор Стоянович
Open. 205 команда
1.. Өзбекстан – 14 ұпай (7 жеңіс, 1 жеңіліс)
2. Германия - 14 ұпай (7 жеңіс, 1 жеңіліс)
8 командада 13 ұпай бар.
33-орын. Қазақстан - 11 ұпай
Ертең 9-тур ойындары өтеді.
11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйек күні мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz