7 сағат бұрын
Қазақстан Азиада-2026 ойындарында семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында семсерлесуден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық семсерлесушілер саблядан командалық жарыста жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ұлттық құрама Жапония командасымен кездесіп, 34:45 есебімен жеңілді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді.
Қазақстан сапында Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Қуаныш Ерғашбай және Нұрмұхаммед Жайлыбай өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Артем Саркисян саблядан жеке жарыста да қола медаль жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz