4 сағат бұрын
Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform
Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сайлау 26 қыркүйекте Самарқандта 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасымен қатар өтіп жатқан ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Тимур Турлов мүмкін болған 196 дауыстың 110-ын жинады.
Турлов Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарып келеді. Осы кезеңде Қазақстан ерлер арасында шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчты, сондай-ақ рапид пен блицтен командалық әлем чемпионатын қабылдады.
Біздің серіктес: Sport12kz