Матч орталығы
Пекин мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 0:2 Аяқталды Якуб Меншик Якуб Меншик Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Вольфсбург Вольфсбург 4:1 Аяқталды Хавелсе Хавелсе Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Өзбекстан Өзбекстан 4:1 Аяқталды Сирия Сирия Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Штутгарт Штутгарт 5:0 Аяқталды Гройтер Фюрт Гройтер Фюрт УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Әзербайжан Әзербайжан 0:0 Аяқталды Лихтенштейн Лихтенштейн Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Бетис Бетис 23:00 01.10 Сеута Сеута УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Дания Дания 2:4 Аяқталды Португалия Португалия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Ирландия Ирландия 2:2 Аяқталды Аустрия Аустрия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Мальта Мальта 1:1 Аяқталды Гибралтар Гибралтар УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грекия Грекия 2:2 Аяқталды Нидерланд Нидерланд УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Израиль Израиль 0:0 Аяқталды Косово Косово УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Уэльс Уэльс 2:1 Аяқталды Норвегия Норвегия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Германия Германия 2:0 Аяқталды Сербия Сербия НХЛ Хоккей Рейнджерс Рейнджерс 04:00 Бүгін Тампа Тампа Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея 16:00 Бүгін Венесуэла Венесуэла Пекин женщины Теннис Рената Заразуа Рената Заразуа 16:00 Бүгін Арина Соболенко Арина Соболенко УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Қазақстан Қазақстан 19:00 Бүгін Молдова Молдова УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Латвия Латвия 21:00 Бүгін Черногория Черногория КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 21:00 Бүгін Трактор Трактор КХЛ Хоккей Нефтехимик Нефтехимик 21:00 Бүгін Барыс Барыс

5 сағат бұрын

Астанада WADA Атқарушы комитетінің отырысы өтеді

Астанада WADA Атқарушы комитетінің отырысы өтеді

Фото: sputnik-ossetia.ru

23-27 қараша күндері елордада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Атқарушы комитетінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Халықаралық деңгейдегі маңызды жиында әлемдік антидопинг қауымдастығының өкілдері бас қосып, таза спортты дамыту, допингке қарсы күресті күшейту және осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылайды.

Биыл наурыз айында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті Витольд Банька өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат білім беру, допингтің алдын алу және ғылыми зерттеулер бағыттарындағы бірлескен жұмысты кеңейтуге бағытталған.

Қазақстан мен WADA арасында допингке қарсы күрес және таза спорт қағидаттарын дамыту бағытында тұрақты ынтымақтастық қалыптасқан. Бұған дейін WADA президенті Витольд Банька да қазақстандық әріптестерімен өзара байланысты жоғары бағалап, Агенттіктің маңызды халықаралық жиынын Астанада өткізу туралы шешім осы ынтымақтастықтың нәтижесі екенін атап өткен болатын.

«Қазақстандық әріптестерімізбен байланысымыз жақсы. Келесі жылы Қазақстанда жеті әлем чемпионаты өтеді. Сондықтан халықаралық ұйымдардың маңызды отырыстарын Астанада өткізуі орынды», – деді WADA президенті Витольд Банька.

WADA – спорттағы допингке қарсы саясатты халықаралық деңгейде үйлестіретін негізгі ұйымдардың бірі. Агенттік допингке қарсы бірыңғай талаптар мен стандарттарды қалыптастыру, олардың орындалуын бақылау және спорттағы адалдық қағидаттарын нығайту бағытында жұмыс жүргізеді.


Біздің серіктес: Sport12kz