4 сағат бұрын
Олимпиада аңызы Ли Нин алматылық жас гимнасттармен кездесті
Фото: Алматы қаласы спорт басқармасы
Алматыдағы №9 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттық гимнастикадан үш дүркін Олимпиада чемпионы, әлемге әйгілі LI-NING брендінің негізін қалаушы Ли Нинмен кездесу өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мәртебелі қонақтың алдында мектеп тәрбиеленушілері спорттық гимнастикадан шеберліктерін көрсетіп, арнайы қойылымдар ұсынды. Ли Нин жас спортшылардың өнерін тамашалап, оларға сәттілік тіледі.
Кездесу соңында Олимпиада чемпионы жас гимнасттарға қолтаңба беріп, LI-NING брендінің атынан естелік сыйлықтар табыстады.
Ли Нин 1984 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында алты медаль, оның ішінде үш алтын жеңіп алған. Ал 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиада алауын жағу мәртебесі дәл оған сеніп тапсырылды.
Бүгін бір залда әлемдік спорт тарихына енген Олимпиада чемпионы мен үлкен спорттағы жолын енді бастап келе жатқан алматылық жас гимнасттар жүздесті.
Біздің серіктес: Sport12kz