3 сағат бұрын
Жеңіл атлетикадан Азия ойындарының жүлдегерлері Астанаға жетті
adelinazems инстаграм парақшасынан
Бүгін Астана қаласының халықаралық әуежайына Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарына қатысқан жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы спортшыларының бір бөлігі ұшып келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл қатарда Нагояда күміс жүлде жеңіп алған Аделина Земс (400 м кедергілер арқылы жүгіру) пен қола медаль иегері Алина Чистякова (жетісайыс) және өзге спортшылар, жаттықтырушылар бар.
«Ең алдымен, қолдау көрсеткен әр жанкүйерге рақмет. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Финал өтетін күн мен үшін қиын, қарбаласқа толы болды. Үздіктердің қатарына кіргенде өзіңді тежеп ұстау қиындай түседі. Ойындардың чемпионы атану арманым еді. Аренада әнұранымызды қатты шырқағым келді. Бұл жолы күміске қол жеткіздім. Сәтін салса келесі ойындарда алтын медаль алуға барымды саламын»,-деп айтты өз сұхбатында Аделина Земс.
«Жүлде жеңіп алғаныма қатты қуаныштымын. Көпсайыста өнер көрсетудің өз қиындығы бар. Әр жаттығуға тыңғылықты көңіл бөлу керек. Осындай сәттерде бапкерім мен командаластарымның қолдауын қатты сезіндім»,-деп айтты Алина Чистякова.
Жүлдегерлердің қалған бөлігі бүгін Алматы қаласына жетті.
Барлығы жеңіл атлетикадан Ұлттық құрама ХХ жазғы Азиадада 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Біздің серіктес: Sport12kz