6 сағат бұрын
Қазақстан таеквондо федерациясы спортшыларға қанша сыйақы береді?
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы
Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы спортшылар мен олардың жеке жаттықтырушыларына халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін берілетін ақшалай сыйақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Олимпиада чемпионы атанған спортшыға 250 мың АҚШ доллары, күміс жүлдегерге — 50 мың, қола жүлдегерге — 20 мың доллар беріледі. Олардың жеке жаттықтырушылары тиісінше 100 мың, 20 мың және 10 мың АҚШ доллар көлемінде сыйақы алады.
Ересектер арасындағы Әлем чемпионаты мен Азия ойындарында алтын жүлде үшін спортшыға 125 мың, күміске — 10 мың, қолаға — 5 мың доллар, ал жеке жаттықтырушыларына тиісінше 50 мың, 5 мың және 2,5 мың АҚШ доллары қарастырылған.
Азия чемпионатында жүлдеге ие болған спортшыларға 50 мың, 5 мың және 3 мың доллар, олардың жеке жаттықтырушыларына 15 мың, 2,5 мың және 1,5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.
Еске салсақ, Ақтөбе облысы таеквондо (WT) федерациясының президенті тағайындалды.
Біздің серіктес: Sport12kz