2 күн бұрын
Қазақстанның шорт-трек құрамасы World Tour-дың алғашқы екі кезеңіне қатысады
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының ISU Short Track World Tour 2026/2027 маусымының алғашқы екі кезеңіне қатысатын спортшылары анықталды.
Ел намысын 12 шорт-трекші қорғайды.
Ерлер:
- Глеб Ивченко
- Богдан Вехов
- Айбек Нассен
- Айбек Темірхан
- Тамирлан Жолдас
- Мақсат Уалиулла
Әйелдер:
- Малика Ермек
- Алина Ажғалиева
- Анастасия Галечина
- Зейнеп Құмарқан
- Гүлдана Жалмұқан
- Полина Омельчук
World Tour-дың алғашқы кезеңі 23–25 қазан аралығында Канаданың Ванкувер қаласында өтеді. Екінші кезең 30 қазан – 1 қараша күндері Монреальда ұйымдастырылады.
Айта кетейік, қыркүйекте Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтіп, ел чемпиондары анықталған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz