2 күн бұрын
Денис Тен мемориалында Қазақстан намысын 9 мәнерлеп сырғанаушы қорғайды
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир ертең, 8 қазанда басталады.
ISU Challenger сериясына кіретін жарыс Halyk Arena мұз айдынында 11 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан намысын тоғыз спортшы қорғайды.
Ерлер арасындағы жекелей сында ел атынан Диас Жиренбаев өнер көрсетеді.
Әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина, Амина Алексеева, Амира Ирматова, Алика Халимова, Зере Сарбалина және Нұрия Сүлеймен мұзға шығады.
Ал мұздағы биде Қазақстан жұбы Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев сынға түседі.
Турнирдің қорытындысы 11 қазанда белгілі болады.
Біздің серіктес: Sport12kz