Матч орталығы
КХЛ Хоккей Динамо Минск Динамо Минск 4:2 Аяқталды СКА СКА КХЛ Хоккей СКА СКА 21:10 08.10 Динамо Минск Динамо Минск Еуролига Баскетбол Бавария Бавария 87:94 Аяқталды Виртус Виртус Челленджер Палермо Теннис Габриэле Пираино Габриэле Пираино 0:2 Аяқталды Энрико Далла Валле Энрико Далла Валле Еуролига Баскетбол Панатинаикос Панатинаикос 92:74 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Еуролига Баскетбол Валенсия Валенсия 93:82 Аяқталды Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив Еуролига Баскетбол Реал Реал 86:76 Аяқталды Партизан Партизан НХЛ Хоккей Вегас Вегас 07:00 Бүгін Торонто Торонто Шанхай мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 12:30 Бүгін Томаш Махач Томаш Махач Чемпионат Европы для игроков U19 (Женщины) Футбол Чехия U19 (Қ) Чехия U19 (Қ) 14:00 Бүгін Қазақстан U19 (Қ) Қазақстан U19 (Қ) Әлем чемпионаты, іріктеу, қыздар Футбол Қазақстан (Қ) Қазақстан (Қ) 16:00 Бүгін Ирландия (Қ) Ирландия (Қ) Суперлига Футбол Галатасарай Галатасарай 22:00 Бүгін Касымпаша Касымпаша Про-лига Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:00 Бүгін Аль-Драих Аль-Драих Эредивизи Футбол ПСВ ПСВ 23:00 Бүгін Херенвен Херенвен Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 23:30 Бүгін Вердер Вердер Лига 1 Футбол Ланс Ланс 23:45 Бүгін Лион Лион Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 00:00 Ертең КПР КПР Ла Лига Футбол Малага Малага 00:00 Ертең Эспаньол Эспаньол Примейра-лига Футбол Брага Брага 00:15 Ертең Спортинг Спортинг Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 15:00 Ертең Қызылжар Қызылжар

2 күн бұрын

Президент FIDE басшысы Тимур Турловпен кездесу өткізді

Президент FIDE басшысы Тимур Турловпен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловпен кездесті.

Кездесу барысында Президент Тимур Турловты FIDE басшылығына сайлануымен құттықтап, бұл жетістікті Қазақстан мен ұлттық шахмат мектебінің халықаралық деңгейдегі беделінің артуымен байланыстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтың ел өміріндегі маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл спорт түрі балалар мен жастардың ойлау қабілетін жетілдіріп, зияткерлік дамуына ықпал етеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда шахматқа қызығушылық айтарлықтай өскен. Қазір ел бойынша 278 мыңнан астам адам шахматпен тұрақты түрде айналысады.

Президент Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған Қазақстан әйелдер құрамасының нәтижесін де атап өтті.

Кездесу кезінде Қазақстан шахмат федерациясының алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері де сөз болды.

Соңында Мемлекет басшысы Тимур Турловқа FIDE президенті қызметіндегі жұмысына сәттілік тіледі.



Біздің серіктес: Sport12kz