3 күн бұрын
Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында өнер көрсетпейді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалы аясындағы «Челленджер» турнирінің гала-шоуына қатыспайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, гала-шоуда Еуропа және Ресей чемпионы Дмитрий Алиев, 1994 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан Мари-Пьер Лерэ және басқа да жарыстардың жүлдегерлері өнер көрсетеді.
Алматыдағы турнир 8–10 қазан аралығында өтеді.
Бұған дейін Қазақстан өкілі Диас Жиренбаев ерлер арасындағы қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, төрешілерден 66,11 ұпай алған еді. Ол аралық есепте жетінші орынға тұрақтады.
Қазіргі уақытта жарыста бейтарап мәртебемен өнер көрсетіп жүрген ресейлік Владимир Дикиджи көш бастап тұр. Оның қысқа бағдарламасын төрешілер 107,31 ұпайға бағалады.
Біздің серіктес: Sport12kz