9 сағат бұрын
Қазақстандық таеквондошы Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық таеквондошы Мария Севостьянова Парижде өткен Гран-при кезеңінде 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.
Ол жарыстың алғашқы кезеңінде Қытай Тайбэйінің өкілі Вэй Чунь Линьді 2:0 есебімен жеңді. Кейін венгриялық Лука Патакфалвиден басым түсіп, ширек финалда өзбекстандық Мадина Мирабзалованы да 2:0 есебімен ұтты.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы Бразилия өкілі, қазіргі әлем чемпионы Мария Клара Пачекомен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Мария Севостьянова жарысты қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, осы маусымдағы Гран-при сериясының финалдық кезеңі қараша айында Астанада өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz