Матч орталығы
Еуролига Баскетбол Эфес Эфес 93:101 Аяқталды Бавария Бавария Еуролига Баскетбол Париж Париж 94:96 Аяқталды Виртус Виртус Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 0:1 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол КПР КПР 4:1 Аяқталды Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 3:2 Аяқталды Шеффилд Шеффилд Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 2:4 Аяқталды ПСЖ ПСЖ Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 1:0 Аяқталды Боруссия Боруссия Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 3:1 Аяқталды АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 0:3 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 0:6 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 3:4 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Чемпиондар лигасы Футбол Астон Вилла Астон Вилла 6:0 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Чемпиондар лигасы Футбол Бетис Бетис 3:2 Аяқталды Порту Порту НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 1:1 Үзіліс Даллас Даллас Челленджер Цзинань Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 09:00 Бүгін Яи Дилан Хара Френд Яи Дилан Хара Френд Конференциялар лигасы Футбол Гент Гент 21:45 Бүгін Орхус Орхус Конференциялар лигасы Футбол Панатинаикос Панатинаикос 21:45 Бүгін Борац Борац Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 21:45 Бүгін Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 21:45 Бүгін Интер Эскальдес Интер Эскальдес Конференциялар лигасы Футбол Хайдук Хайдук 21:45 Бүгін Аякс Аякс

2 күн бұрын

Таеквондошы Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола алды

Таеквондошы Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола алды

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Мария Севостьянова Францияның Париж қаласында өткен Гран-при кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш кездесуінде жеңіске жетіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Алғашқы айналымда Мария Қытай Тайбэйінің өкілі Вэй Чунь Линьді 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін дәл осындай нәтижемен Венгрия спортшысы Лука Патакфалвиден басым түсті.

Ширек финалда отандасымыз Өзбекстан өкілі Мадина Мирабзаловаға қарсы жекпе-жекке шығып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал жартылай финалда бразилиялық Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен жол беріп, жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, таеквондодан Гран-при сериясының финалы 27-29 қараша күндері Астанада өтеді.

Еске салсақ, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.



Біздің серіктес: Sport12kz