2 күн бұрын
Қазақстандық жас паделшілер Азия рейтингісінде ТОП-6-ға кірді
Фото: Қазақстан падел федерациясы
Қазақстандық жас падел шеберлері FIP Promises Asia рейтингісіндегі көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Халықаралық падел федерациясы жаңартылған рейтингі нәтижелерін жариялады.
Қазақстан падел федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 18 жасқа дейінгілер арасында Азия FIP Promises рейтингісінде екі қазақстандық паделші ТОП-6-ның қатарына кірді.
Атап айтқанда, Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин 6-орынға көтерілді.
Арнұр мен Ислам кеше 16 және 18 жасқа дейінгілер арасында Дубайда аяқталған FIP Promises Damac Dubai II турнирінде жартылай финалға дейін жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz