2 күн бұрын
Қазақстанның спорттық гимнастикадан ұлттық құрамасы белгілі болды
Қазақстанның спорттық гимнастикадан ұлттық құрамасы 17–25 қазан аралығында Нидерландтың Роттердам қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан алты спортшы өнер көрсетеді. Олар: Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ілияс Әзизов, Нұртан Идрисов және Роман Хегай.
Айта кетейік, алдағы әлем чемпионаты 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы кезеңі болады. Роттердамда Олимпиадаға берілетін алғашқы командалық жолдамалар сарапқа салынады.
Біздің серіктес: Sport12kz