Матч орталығы
Еуролига Баскетбол Эфес Эфес 93:101 Аяқталды Бавария Бавария Еуролига Баскетбол Париж Париж 94:96 Аяқталды Виртус Виртус Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 0:1 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол КПР КПР 4:1 Аяқталды Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 3:2 Аяқталды Шеффилд Шеффилд Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 2:4 Аяқталды ПСЖ ПСЖ Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 1:0 Аяқталды Боруссия Боруссия Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 3:1 Аяқталды АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 0:3 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 0:6 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 3:4 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Чемпиондар лигасы Футбол Астон Вилла Астон Вилла 6:0 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Чемпиондар лигасы Футбол Бетис Бетис 3:2 Аяқталды Порту Порту НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 1:1 Үзіліс Даллас Даллас Челленджер Цзинань Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 09:00 Бүгін Яи Дилан Хара Френд Яи Дилан Хара Френд Конференциялар лигасы Футбол Гент Гент 21:45 Бүгін Орхус Орхус Конференциялар лигасы Футбол Панатинаикос Панатинаикос 21:45 Бүгін Борац Борац Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 21:45 Бүгін Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 21:45 Бүгін Интер Эскальдес Интер Эскальдес Конференциялар лигасы Футбол Хайдук Хайдук 21:45 Бүгін Аякс Аякс

18 сағат бұрын

Мемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады

Мемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусалламды қабылдады. Кездесу Ақордада өтті.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы World Aquatics ұйымының Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсетіп келе жатқан қолдауын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда су спорты түрлеріне қызығушылық артып келеді. Отандық спортшылар халықаралық жарыстарда, соның ішінде Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында ел намысын қорғап жүр.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев жүзуші Дмитрий Баландиннің 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жеңіп алған алтынын және Әділбек Мусиннің 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленгенін еске салды.

Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге қажетті жағдай жасалып жатқанын айтты. Сондай-ақ спорт инфрақұрылымын жаңғыртуға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Хусейн Әл-Мусаллам Қазақстанның спорт саласындағы жетістіктеріне тоқталып, қазақстандық атлеттердің биылғы жазғы Азия ойындарында көрсеткен нәтижелері елдің спортты одан әрі дамытуға әлеуеті зор екенін аңғартатынын жеткізді.



Біздің серіктес: Sport12kz