10 сағат бұрын
Мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты Алматыда өтеді
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2027 жылғы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын Астанадан Алматыға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Жарыс 2027 жылғы 9–14 ақпан аралығында Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.
ISU мәліметінше, турнир өтетін қаланы өзгерту туралы шешім Қазақстанның конькишілер одағымен бірлесіп қабылданған. Бұған Астананың сол жағалауындағы электр станциясында болған өрт себеп болған. Оқиға бастапқыда жарысты өткізу жоспарланған арена маңындағы қауіпсіздік пен инфрақұрылымға әсер еткен.
Айта кетейік, Астана 2024 жылғы маусымда Лас-Вегаста өткен ISU конгресінде 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионатын өткізу құқығына ие болған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz