2 күн бұрын
Сұңқар Қаныбек жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты
Польшаның Бельско-Бяла қаласында өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Сұңқар Қаныбек жасөспірімдер арасындағы финалға жолдама алды.
76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кумитеден сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңдерінде Мажарстан, Қырғызстан, Сенегал және Сауд Арабиясы спортшыларын жеңді. Ал жартылай финалда мысырлық Гада Али Алаэддиннен 6:2 есебімен басым түсті.
Енді Сұңқар Қаныбек жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атағы үшін Шотландия өкілі Броди Калленмен күш сынасады.
Финалдық жекпе-жек 17 қазан күні кешке өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz