1 күн бұрын
Глеб Коваленя жүзуден Астанадағы әлем Кубогында ТОП-5 қатарынан көрінді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Жүзуден ұлттық құрама спортшысы Глеб Коваленя Астанада өтіп жатқан Silk Road Tour сериясындағы әлем Кубогы кезеңінде 50 метрге еркін әдіспен жүзуде үздік бестікке енді, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз бұл қашықтықты 21,22 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты.
1. Камерон Макэвой (Аустралия) - 20,19 секунд
2. Егор Корнев (Ресей) - 20,59 секунд
3. Айзек Купер (Аустралия) - 21,13 секунд
4. Шон Ньеволд (Нидерланд) - 21,14 секунд
5. Глеб Коваленя - 21,22 секунд
Айта кетейік, Астана 15–17 қазан аралығында Silk Road Tour сериясындағы әлем Кубогы кезеңін алғаш рет қабылдап отыр. Байрақты бәсекеге әлемнің 41 елінен 400-ге жуық спортшы қатысуда.
Еске салсақ, спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Кунсан қаласында өтетін Азия кубогының кезеңіне қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz