6 сағат бұрын
Шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңіне кімдер қатысады?
Фото: Қазақстан ҰОК
23-25 қазан аралығында Канаданың Ванкувер қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жариялаған тізіміне сәйкес, бұл жарыста Қазақстан атынан 12 спортшы өнер көрсетеді. Олардың алтауы – ерлер, алтауы – әйелдер.
Қазақстан құрамасы:
Әйелдер: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Малика Ермек, Гүлдана Жалмұхан.
Ерлер: Глеб Ивченко, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Мақсат Уалилла, Богдан Вехов, Тамирлан Жолдас.
Айта кетейік, әлемдік турдың екінші кезеңі де Канадада өтеді. Ол Монреаль қаласында ұйымдастырылады.
Біздің серіктес: Sport12kz