16 сағат бұрын
Қазақстандық жүзушілердің Әлем кубогындағы нәтижелері белгілі болды
Астанада жүзуден Әлем кубогы кезеңінің екінші күніндегі финалдық жарыстар өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
50 метрге еркін жүзуде Глеб Коваленя 21,22 секунд нәтижесімен бесінші орын алды. Ол таңертең өзі орнатқан Қазақстан рекордын жаңартты.
100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин 51,32 секунд көрсетіп, жетінші орынға тұрақтады. Осы қашықтықта Максим Сказобцов 51,57 секунд нәтижесімен тоғызыншы болды.
200 метрге брасс әдісімен жүзуде Айбат Мырзамұратов 2 минут 7,34 секунд нәтижесімен сегізінші орын алды. Ал Егор Попов 100 метрге кешенді жүзуде 54,68 секунд уақыт көрсетіп, тоғызыншы сатыға жайғасты.
Әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуді 59,66 секундта аяқтап, оныншы орынға ие болды.
Біздің серіктес: Sport12kz