5 сағат бұрын
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы әлем әубогының алтынына таласады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы сапы сайысынан Касабланкада (Марокко) өтіп жатқан әлем Кубогының финалында бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшыларымыз ақтық сайысқа дейін төрт қарсыласын жеңіп, жоғары нәтиже көрсетті.
1/16 финал - Түркия (45:20)
1/8 финал - Гонконг (45:28)
Ширек финал - Мысыр (45:40)
Жартылай финал - Франция командасы (45:39)
Енді ел құрамасы әлем Кубогының алтыны үшін Ресеймен кездеседі. Жарысқа 49 мемлекеттен 600-ден астам атлет қатысуда.
Қазақстан сапынан Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов өнер көрсетті.
Біздің серіктес: Sport12kz