2 күн бұрын
Данил Голубенко Thunderpick World Championship 2026 чемпионы атанды
Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (molodoy) Counter-Strike 2 ойынынан Thunderpick World Championship 2026 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оның өнер көрсететін FURIA командасы финалда BetBoom Team ұжымын 3:2 есебімен жеңді.
Шешуші кездесу 18 қазанда Мальтада өтті. Бразилиялық ұйым Dust2 картасында 13:6 есебімен жеңіске жетті. Алайда кейін Ancient картасында 16:19, ал Nuke картасында 9:13 есебімен ұтылды. FURIA Mirage картасында 13:11 есебімен басым түсіп, сериядағы есепті теңестірді. Ал шешуші Cache картасында 13:6 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атақты иеленді.
Финал қорытындысы бойынша Данил Голубенко 85 қарсыласын жойып, 78 рет қаза тапты. Оның HLTV 3.0 рейтингі 0,96 болды. Бұл FURIA ойыншылары арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Ал турнирдің үздік ойыншысы болып орташа рейтингі 1,34-ке тең бразилиялық Кайке «KSCERATO» Серато танылды.
Осылайша, FURIA Thunderpick World Championship турниріндегі чемпиондық атағын қорғап қалды. 2025 жылы қазақстандық ойыншы өнер көрсететін команда финалда украиналық Natus Vincere ұжымын 3:2 есебімен жеңген еді. Биылғы трофей FURIA үшін 2026 жылғы алғашқы жеңіс болды. Команда бұған дейін өткен жылдың қарашасында BLAST Rivals Season 2 турнирінде чемпион атанған.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры бір миллион долларды құрады. Бірінші орын алған FURIA командасы 500 мың доллар иеленсе, күміс жүлдегер BetBoom Team 250 мың доллар сыйақы алды.
Біздің серіктес: Sport12kz