2 күн бұрын
Спорттық атудан Дохадағы әлем чемпионатына ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды
Қазақстанның спорттық ату түрлерінен Дохада өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшыларының тізімі жарияланды.
1–14 қараша аралығында өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан атынан 30 спортшы өнер көрсетеді. Олардың 12-сі стенд атудан, 18-і нысана көздеуден сынға түседі.
Стенд атудан ел намысын Әлішер Айсалбаев, Айжан Досмағамбетова, Элеонора Ибрагимова, Ольга Хайлова, Александр Мухамедиев, Әсем Орынбай, Зоя Пискун, Даниил Почивалов, Марк Почивалов, Максим Почивалов, Наргиза Сарманова және Александр Ещенко қорғайды.
Ал нысана көздеуден Қазақстан құрамасына Сәуле Әлімбек, Елизавета Безрукова, Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков, Александра Ле, Арина Малиновская, Константин Малиновский, Олег Носков, Валерия Попелова, Валерий Рахымжан, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, София Шульженко, Нина Старова, Кирилл Цуканов, Руслан Юнусметов және Ирина Юнусметова енген.
Айта кетейік, жарияланған тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz