Матч орталығы
Ұлттық лига Хоккей Клотен Клотен 4:3 Аяқталды Лозанна Лозанна Ұлттық лига Хоккей Серветт Серветт 2:5 Аяқталды Лугано Лугано Про-лига Футбол Аль-Наср Аль-Наср 1:0 Аяқталды Неом Неом Футзалдық әлем чемпионатының еуропалық іріктеуі Футзал Испания Испания 3:1 Аяқталды Финляндия Финляндия Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 1:1 Аяқталды Портсмут Портсмут Чемпиондар лигасы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 4:3 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Чемпиондар лигасы Футбол Порту Порту 0:1 Аяқталды ПСВ ПСВ Чемпиондар лигасы Футбол ПСЖ ПСЖ 4:2 Аяқталды Барселона Барселона Чемпиондар лигасы Футбол Штутгарт Штутгарт 1:1 Аяқталды Атлетико Атлетико Чемпиондар лигасы Футбол Наполи Наполи 4:3 Аяқталды Буде Глимт Буде Глимт Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 4:0 Аяқталды Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 5:1 Аяқталды АЕК АЕК Алматы мужчины Теннис Заңғар Нұрланұлы Заңғар Нұрланұлы 12:40 Бүгін Томаш Махач Томаш Махач КХЛ Хоккей Адмирал Адмирал 14:30 Бүгін Барыс Барыс Алматы мужчины Теннис Стефанос Циципас Стефанос Циципас 19:30 Бүгін Михаил Кукушкин Михаил Кукушкин КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін ЦСКА ЦСКА Эр-Рияд, выставочный турнир Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 Бүгін Тейлор Фриц Тейлор Фриц Чемпиондар лигасы Футбол Комо Комо 21:45 Бүгін Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Чемпиондар лигасы Футбол Лилль Лилль 21:45 Бүгін Галатасарай Галатасарай Ла Лига Футбол Леванте Леванте 23:00 Бүгін Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао

2 күн бұрын

Президент семсерлесуден Әлем кубогында топ жарған Қазақстан құрамасын құттықтады

Президент семсерлесуден Әлем кубогында топ жарған Қазақстан құрамасын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марокконың Касабланка қаласында өткен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен Қазақстан құрамасына құттықтау жолдады.

Қазақстандық семсерлесушілер финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Бұл жеңістен кейін ұлттық құрама Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға көтерілді.

Мемлекет басшысы спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, халықаралық додаларда Қазақстанның көк туын биікте желбірете беруіне тілектестік білдірді.

Қазақстан құрамасы жарыс барысында бес кездесуде жеңіске жетті. Алғашқы айналымда Түркияны 45:20 есебімен ұтқан отандастарымыз 1/8 финалда Гонконг спортшыларынан 45:28 есебімен басым түсті.

Ширек финалда Мысыр құрамасын 45:40 есебімен жеңген қазақстандықтар жартылай финалда Францияны 45:39 есебімен тізе бүктірді. Ал финалда Ресейден басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қорғады.


Біздің серіктес: Sport12kz