23 сағат бұрын
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Венгриядағы турнирді аяқтады
Венгрияның Будапешт қаласында мәнерлеп сырғанаудан ISU Challenger сериясына кіретін Budapest Trophy 2026 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан атынан жарысқа үш спортшы қатысты.
Ерлер арасындағы жекелей сында Никита Кривошеев 20-орынға ие болды. Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 61,14 ұпай жинап, 17-сатыға орналасты. Еркін бағдарламада 110,02 ұпай алған ол жалпы есепте 171,16 ұпаймен турнирді аяқтады.
Әйелдер арасындағы жекелей сында Зере Сарбалина 36-орынға тұрақтады. Ол қысқа бағдарламада 39,37 ұпай, еркін бағдарламада 55,50 ұпай жинады. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі — 94,87 ұпай.
Ерлер арасындағы жарыста 268,84 ұпай жинаған италиялық Даниэль Грассль жеңімпаз атанды. Ал әйелдер арасында бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Алина Горбачёва 203,35 ұпаймен алтын медаль иеленді.
Біздің серіктес: Sport12kz