17 сағат бұрын
Шорт-тректен әлем кубогында бақ сынайтын спортшылар анықталды
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы 2026/2027 жылғы маусымды Канадада өтетін әлем кубогының алғашқы екі кезеңінен бастайды.
Алғашқы жарыс 23-25 қазан аралығында Ванкуверде өтсе, екінші кезең 30 қазан мен 1 қараша аралығында Монреаль қаласында ұйымдастырылады.
Қазақстан атынан жарысқа 12 спортшы қатысады. Ерлер құрамына Айбек Нәсен, Айбек Темірхан, Богдан Вехов, Глеб Ивченко, Тамирлан Жолдас және Мақсат Уалиулла енген.
Әйелдер арасында Зейнеп Құмарқан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Полина Омельчук, Гүлдана Жалмұқан және Анастасия Галечина ел намысын қорғайды.
Спортшылар жекелей сында 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарда сынға түседі. Сонымен қатар бағдарламада ерлер арасындағы 5000 метрлік, әйелдер арасындағы 3000 метрлік және аралас командалар арасындағы 2000 метрлік эстафеталар бар.
Айта кетейік, Канадада өтетін әлем кубогының екі кезеңіне 29 елден 184 спортшы тіркелген.
Біздің серіктес: Sport12kz