22.01.2025

Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президентімен кездесті

Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президентімен кездесті

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар су спорты түрлерін насихаттап, дамытудың өзекті мәселелерін, аталған спорт түрінің адам денсаулығына оң әсерін талқылады.

Бұл саладағы басым бағыттардың бірі – халықты жүзуге үйрету. Кейінгі бірнеше жылда Азияда World Aquatics сарапшыларының қолдауымен жаттықтырушыларды заманауи жүзу және спортшыларды даярлаудың тиімді әдістерін үйретуге бағытталған бағдарлама сәтті жүзеге асырылып келеді.
Ербол Мырзабосынов еліміздегі су спорты түрлеріне арналған инфрақұрылымның қазіргі жай-күйі туралы айтып, алдағы уақытта бұл бағытқа көп көңіл бөлінетінін жеткізді.

«Қазіргі таңда елімізде су спортының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Тәуелсіздік жылдарында спортшыларымыз құрлық және әлем біріншіліктерінде жетекші орындарға қол жеткізді. Ел тарихында Дмитрий Баландин алғаш рет жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанды. Былтыр су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Наргиза Болатова мен Эдуард Ким әртістік жүзуден тарихи жүлде – алтын медаль жеңіп алды. Осы жетістіктер жылдар бойғы үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі»,-деді Ербол Мырзабосынов.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Иусуф Мациев күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды

Күрес 7 сағат бұрын

Иусуф Мациев күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды

Мерей Мәулетқанов күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында жүлде алды

Күрес 8 сағат бұрын

Мерей Мәулетқанов күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында жүлде алды

Геннадий Головкин Бахрейнге  барды

Бокс 9 сағат бұрын

Геннадий Головкин Бахрейнге барды

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатының қатысушыларымен жолдастық ойын өткізеді

Футбол 11 сағат бұрын

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатының қатысушыларымен жолдастық ойын өткізеді

Азамат Тұяқбаев Чемпиондар лигасындағы дебютіне бағасын берді

Футбол 12 сағат бұрын

Азамат Тұяқбаев Чемпиондар лигасындағы дебютіне бағасын берді

Сәкен Бибосынов: кәсіпқой бокс кешіне қатысамын

Бокс 12 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов: кәсіпқой бокс кешіне қатысамын