22.01.2025

Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президентімен кездесті

Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президентімен кездесті

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар су спорты түрлерін насихаттап, дамытудың өзекті мәселелерін, аталған спорт түрінің адам денсаулығына оң әсерін талқылады.

Бұл саладағы басым бағыттардың бірі – халықты жүзуге үйрету. Кейінгі бірнеше жылда Азияда World Aquatics сарапшыларының қолдауымен жаттықтырушыларды заманауи жүзу және спортшыларды даярлаудың тиімді әдістерін үйретуге бағытталған бағдарлама сәтті жүзеге асырылып келеді.
Ербол Мырзабосынов еліміздегі су спорты түрлеріне арналған инфрақұрылымның қазіргі жай-күйі туралы айтып, алдағы уақытта бұл бағытқа көп көңіл бөлінетінін жеткізді.

«Қазіргі таңда елімізде су спортының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Тәуелсіздік жылдарында спортшыларымыз құрлық және әлем біріншіліктерінде жетекші орындарға қол жеткізді. Ел тарихында Дмитрий Баландин алғаш рет жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанды. Былтыр су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Наргиза Болатова мен Эдуард Ким әртістік жүзуден тарихи жүлде – алтын медаль жеңіп алды. Осы жетістіктер жылдар бойғы үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі»,-деді Ербол Мырзабосынов.

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында сенсация жасады

Футбол 5 сағат бұрын

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында сенсация жасады

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Басқа 6 сағат бұрын

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Беларусьтік «Легия» шабуылшысы Ілия Шкурин «Ақтөбемен» қарымта матчқа саяси себептерге байланысты келмейді

Футбол 7 сағат бұрын

Беларусьтік «Легия» шабуылшысы Ілия Шкурин «Ақтөбемен» қарымта матчқа саяси себептерге байланысты келмейді

Sold out: «Қайрат» - «Олимпия» ойынына билеттер толықтай сатылып кетті

Футбол 9 сағат бұрын

Sold out: «Қайрат» - «Олимпия» ойынына билеттер толықтай сатылып кетті

Қазақстан құрамасының белді футзалшысы Лео «Семей» клубына келді

Футзал 13 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының белді футзалшысы Лео «Семей» клубына келді

«Олимпия» бас бапкері Хорхе Симау: жолымыз болатынына сенемін

Футбол 14 сағат бұрын

«Олимпия» бас бапкері Хорхе Симау: жолымыз болатынына сенемін