23.01.2025
Ақтөбе облысы спортын басқаруға үміткер кім?
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау: ҚР Туризм және спорт министрлігі Ақтөбе облысының үміткеріне келісім берді
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі іріктеу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына ұсынылған үміткерлердің кандидатурасы қаралды.
Комиссия мүшелері талқылау нәтижесінде «Сурдо футбол және футзал республикалық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Мейрамбек Жанболатұлы Махамбетовтың кандидатурасына келісім берді. Талқылау барысында комиссия мүшелері үміткердің спорт саласындағы тәжірибесі мен өңір спортын дамытуға арналған нақты жоспарларын зерделеді. Сонымен қатар спорт ғылымы мен менеджмент негіздеріне қатысты сұрақтар қойылды.
Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда ғана жүзеге асырылады.