23.01.2025

Павлодарда шаңғышы боранда адасып кетті

Павлодарда шаңғышы боранда адасып кетті

22 қаңтар күні Павлодар тас жолы маңында шаңғымен серуендеуге шыққан ер адам боранның салдарынан орманда адасып кеткен. Бұл туралы полицияға оның әйелі хабарлады.

Жұбайының айтуынша, кенеттен басталған боран ер адамның бағдарынан жаңылуына себеп болған. Ол орманда адасып, өз бетінше жолды игере алмаған. Оған қоса байланыс желісіде үзіліп кеткен екен.

Шұғыл қоңырау түскеннен кейін, құтқарушы қызметкерлер оқиға орнына дереу жетті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, олар іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Қалың боран мен күрделі жол кедергілеріне төтеп берген полицейлер, 10 шақырымнан аса жолды жүріп өтіп, қар үстіндегі шаңғы іздерін байқады. Осы іздерді бағытқа ала отырып, олар адасқан азаматты тауып алды.

Табылған ер адамның жағдайы қанағаттанарлық болып шықты, медициналық көмек қажет болмады. Өз кезегінде жоғалған жігіт өзін құтқарған полицейлерге шынайы алғысын білдірді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

ҚФФ тарапынан Диас Төлеудің қазасына байланысты арнайы комиссия құрылады

Футбол 10 минут бұрын

ҚФФ тарапынан Диас Төлеудің қазасына байланысты арнайы комиссия құрылады

ҚХЛ: «Барыс» алты ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

Хоккей 30 минут бұрын

ҚХЛ: «Барыс» алты ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

Анна Данилина Қытайдағы турнирде 1/8 финалға шықты

Теннис 1 сағат бұрын

Анна Данилина Қытайдағы турнирде 1/8 финалға шықты

«Хан-Тәңірі» клубының футболшысы матчтан кейін өмірден озды

Футбол 2 сағат бұрын

«Хан-Тәңірі» клубының футболшысы матчтан кейін өмірден озды

Сәкен Бибосынов жаңа салмақта жеңіске жетті

Бокс 3 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов жаңа салмақта жеңіске жетті

Павлодарда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Дзюдо 3 сағат бұрын

Павлодарда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды