24.02.2025
Футболшыны өмір бойынан спорттан шеттету жазасы күтіп тұр
Фото: sudamerica.ru
Уругвайдағы OFI кубогындағы «Пайсанду» және «Сориано» арасындағы алғашқы фмналдық матч үлкен жанжалмен аяқталды.
Ойынның бітуіне екі минут қалғанда екі команда футболшылары арасында төбелес болды. Сондай сәттің бірінде «Пайсанду» қорғаушысы Энцо Эчевесте қарсылас командадан Гонсалесті мойнынан ұрды. Оған жауап ретінде Гонсалес оң қолымен қарсыласының бүйірінен соққы жасады.
Соның салдарынан қарсыласы ауыр жарақат алып, жерге құлап түсті. Энцо Эчевесте кейіннен орнынан зорға көтерілді. Бірақ ойынды жалғастыра алған жоқ. Ал төреші Гонсалесті алаңнан қуды. Оны өмір бойына футболдан шеттету жазасы күтіп тұр.
Уругвайда OFI кубогы әуесқой мәртебесіне қарамастан кеңінен танымал. Турнир барысында уругвайлық футболдың барлық жұлдызы қатысады. Уругвай құрамасының бұрынғы капитаны Диего Годин «Поронгос» командасы сапында жеңіске бастады. Содан кейін 38 жасында мансабын аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан