Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

01.03.2025

Странджа турнирі: Финалға шыққан қазақстандық боксшы бесеуге жетті

Странджа турнирі: Финалға шыққан қазақстандық боксшы бесеуге жетті

Фото: inform.kz

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа турнирінде бүгін, 1 наурызда ел құрамасынан Ерасыл Жақпеков (80 келі) финалға шықты. 

Қазақстандық боксшы жартылай финалда британдық Димежи Шитуды қапы қалдырды. Енді ол ақтық сында өзбекстандық Фазилдин Еркинбоевпен кездеседі.
Ал Даниял Рахымбердиев (92 келі) грекиялық Вагка Нанитзанянға есе жіберді. Есеп 0:5.

Ел құрамасынан Даниял Сәбит (51 келі), Ертуған Зейнуллинов (63.5 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Фарух Тоқтасынов (71 келі), Айбек Оралбай (92 келіден жоғары) финалға өтті. 

Ал ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (57 келі) Странджа турнирінің қола жүлдесін қанағат тұтты. 


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан