01.03.2025
«Странджа» турнирі: Теміртас Жүсіпов қола жүлдегер атанды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа» турнирінің финалына шыға алмады.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз Теміртас Жүсіпов кіші әлем чемпионаты саналатын доданың жартылай финалында болгариялық Ергунал Сабриге жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Төрешілер бірауыздан (5:0) жергілікті боксшыны жеңімпаз деп таныды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи