02.03.2025
Рейтингтік турнир: Болат Сақаев күміс медаль алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан рейтингтік турнирде ұлттық құрама спортшысы Болат Сақаев күміс жүлдеге қол жеткізді.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта күрескен Болат финалда америкалық Чандлер Шайн Марстеллерге есе жіберді (0-2). Сақаев жарыс барысында Данияр Қайсановты, Қырғызстан, Грузия спортшысын ұтты.
Осы салмақтағы тағы бір қазақ палуаны Рүстем Мырзағалиев Польша спортшысын ұтып, қола жүлдегер атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан