Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.03.2025

Кәсіпқой бокс: Джервонта Дэвис күтпеген жерден тең түсті

Кәсіпқой бокс: Джервонта Дэвис күтпеген жерден тең түсті

2 наурызға қараған түні Нью-Йоркте кәсіпқой бокс кеші өтті. Оның басты оқиғасы жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джервонта Дэвис пен екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу иегері Ламонт Роуч арасындағы титулдық жекпе-жек болды. Кездесу толық 12 раундқа созылып, төрешілердің көпшілік шешімімен тең аяқталды.

Бір төреші Дэвистің пайдасына 115:113 есебін тіркесе, қалған екі төреші айқасты 114:114 есебімен тең деп бағалады. Бұл Джервонта Дэвис үшін мансабындағы алғашқы тең жекпе-жек болды. Оның еншісінде 30 жеңіс бар. Ламонт Роучт өз мансабында 25 жеңіс, бір жеңіліс және екі тең нәтиже тіркеген.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан