27.04.2025

«Жетісу» волейболшылары алғаш рет Чемпиондар лигасында топ жарды

«Жетісу» волейболшылары алғаш рет Чемпиондар лигасында топ жарды

Филиппинде волейболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпиондар лигасының ойындары мәресіне жетті.

Финалда Қазақстан чемпионы, кубок пен суперкубок иегері «Жетісу» (Талдықорған) мен «VTV Bình Điền Long An» (Вьетнам) командалары шеберлік байқасты. 

Сербиялық маман Марко Гршич соңғы бәсекеде Валерия Якутина, Татьяна Никитина, Наталья Борисенко, украиналықтар, команда капитаны Карина Денисова, Юлия Дымар, Дарья Шаргородскаяға (байланыстырушы) сенім артты. Сонымен қатар либеролар Мәдина Бекет пен Мария Сырыгина алаңға кезектесіп шығып отырды.

Ойын барысында Кристина Аниконова, Ольга Хаджиогло, Перизат Нұрбергеновалар да қосылды.

Бірінші партияда вьетнамдық команда 5:2 есебімен алға кеткенімен, «Жетісу» бірте-бірте ойын тізгінін қолына ала білді — 25:14.

Екіншісінде вьетнамдық клуб тіпті ұзап кетті — 9:2. Ақыры олар өз дегеніне жетті — 25:20.

Үшінші сетте есеп 18:20 болған мезетте В.Якутина қатарынан екі рет эйске қол жеткізді. Содан кейін тосқауылды сәтті қоя білді — 25:23.

Төртіншісінде талдықорғандықтар 8:4 есебімен алға шықты. Ақыры Ю.Дымар матч нүктесін қойды — 25:18. Қорытынды есеп — 3:1.

Осыған дейін Азия клубтық чемпионаты аталған жарыста Қазақстаннан «Рахат» (Алматы), «Алтай» (Өскемен) және «Қуаныш» (СҚО) командалары үздік шыққан еді. 

Ал «Жетісу» сонымен қатар өз тарихында алғаш рет қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық әлем чемпионатына жолдама алды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Футзалдан Қазақстан - Италия кездесуінде жеңімпаз қарымта ойында шешіледі

Футзал 29 минут бұрын

Футзалдан Қазақстан - Италия кездесуінде жеңімпаз қарымта ойында шешіледі

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші кезеңнен кейін  «Спортингтен» жеңіліп жатыр

Футбол 57 минут бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші кезеңнен кейін «Спортингтен» жеңіліп жатыр

Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасы тарихына енді

Футбол 2 сағат бұрын

Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасы тарихына енді

БИІК клубы Калоян Петковпен қош айтысты

Футбол 3 сағат бұрын

БИІК клубы Калоян Петковпен қош айтысты

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Спортингке» қарсы құрамын жариялады

Футбол 3 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Спортингке» қарсы құрамын жариялады

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Металлург» командасына есе жіберді

Хоккей 4 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Металлург» командасына есе жіберді