31.07.2024

Баласын Олимпиадаға апарған Головкиннің басы дауға қалды

Баласын Олимпиадаға апарған Головкиннің басы дауға қалды

Головкин қазақ спортына ең мықты америкалық тәсілдерді, стандарттарды және дәстүрлерді енгізеді деп ойлаған едік. Алайда ол ескілікті күшейтуді әрекет етіп жатқан сияқты.

Желіде Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин өз баласын аккредитациядан өткізіп, Париж Олимпиадасына алып барды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Саясаттанушы Талғат Қалиевтің айтуынша, биыл Париж Олимпиадасына баруы тиіс тұлғалар аккредитациясыз қалды, деп жазады Stan.kz.

“Мұнда көбі аккредитациядан өткенін білдіретін бейджбен отырған баланың Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің ұлы екенін айтып жатыр. Головкин қазақ спортына ең мықты америкалық тәсілдерді, стандарттарды және дәстүрлерді енгізеді деп ойлаған едік. Алайда ол ескілікті күшейтуді әрекет етіп жатқан сияқты. Биыл Олимпиадаға баруға лайық болған көптеген шенеуніктер аккредитациясыз қалды. Ал Головкиннің ағасы мен ұлы олимпиада тамашалауға кетті”, – деп жазды ол.

Ал журналист Михаил Козачков, комитет өкілі Жанар Өтешованы Олимпиадаға тек керек адамдар іріктелгенін алдын ала мақтанышпен хабарлағанын айтты.

“Олимпиададағы күлкілі жағдай. Ойын қарсаңында Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Жанар Өтешева өзінің Telegram-арнасында Парижге делегация құрамында ең қажетті адамдар ғана баратынын айтты. Ол артық жолаушыларға аккредитациядан бас тартылғанын мақтанышпен хабарлаған еді. Ол тек спортшыларды, жаттықтырушыларды, менеджерлер мен спарринг серіктестерді қабылдадық деген еді. Бірақ Олимпиада ойындарын қарап отырсам, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің ұлын көзім шалды. Неге екені белгісіз, оның мойнында бейджк бар. Бұл аккредитациядан өткенінің белгісі болса керек. Осы орайда мынадай сұрақ туындайды: ол біреудің спарринг серіктесі ме, әлде жаттықтырушы ма?”, – деп жазды журналист.

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

Футбол 9 сағат бұрын

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Футбол 10 сағат бұрын

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Басқа 12 сағат бұрын

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Футбол 12 сағат бұрын

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

Бокс 12 сағат бұрын

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды

Футбол 12 сағат бұрын

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды