Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.05.2025

Алтыншы турдың ең үздік голы анықталды

Алтыншы турдың ең үздік голы анықталды

Фото: instagram / oral_ramazzan

QJ League лигасының алтыншы турдағы ең үздік голы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

18 жасқа дейінгі футболшылар соққан голдардың ішінен жанкүйерлер ең әсерлісін таңдады.

Үздік гол лиганың ресми Telegram-арнасында онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Жалпы сауалнамаға 3763 адам қатысты. Нәтижесінде 1745 дауыс жинаған «Шахтер» клубының шабуылшысы Рамазан Оралдың «Каспий» (9:1) қақпасына соққан добы үздік деп танылды.

  1. Рамазан Орал («Шахтер») – 46% (1745 дауыс)
  2. Аламгир Смақов («Қайрат») – 41% (1537 дауыс)
  3. Ермұхаммед Бесенғалиев («Астана») – 5% (202 дауыс)
  4. Владимир Дубинин («Тобыл») – 4% (141 дауыс)
  5. Әбілмансұр Қасымтай («Жас Қыран») – 4% (138 дауыс)

Голдардың видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Ал жалпы алтыншы турда болған алты ойында, жанкүйерлер 27 голдың куәсі болды. Өткен ойын аптасының нәтижесі төмендегідей:

  • «Каспий» – «Шахтер» – 1:9
  • «Қайсар» – «Атырау» – 1:4
  • «Ақтөбе» – «Жас Қыран» – 0:1
  • «Тараз» – «Ордабасы» – 1:0
  • «Қайрат» – «Тобыл» – 6:1
  • «Ертіс» – «Астана» – 1:2

Айта кетейік, турнир кестесінде 6 ойынның барлығында жеңіске жеткен алматылық «Қайрат» 18 ұпаймен көш бастап тұр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан