Матч орталығы
Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 5:2 Қос. уақытта Хапоэль Хапоэль Про-Лига Футбол Аль-Иттифак Аль-Иттифак 2:3 Аяқталды Аль-Наср Аль-Наср ЮС Опен мужчины Теннис Макс Касниковски Макс Касниковски 1:2 Аяқталды Николай Будков Кьер Николай Будков Кьер Лига кубогы Футбол Саутгемптон Саутгемптон 1:4 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Филадельфия женщины Теннис Анастасия Захарова Анастасия Захарова 0:2 Аяқталды Кайли Коллинс Кайли Коллинс ЮС Опен мужчины Теннис Уго Гастон Уго Гастон 2:0 Аяқталды Гвидо Иван Хусто Гвидо Иван Хусто Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 4:1 ОТ Селтик Селтик Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 3:0 Аяқталды НЕК НЕК Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 0:1 Аяқталды Бетис Бетис Монтеррей женщины Теннис Александра Олейникова Александра Олейникова 06:30 Бүгін Диан Парри Диан Парри ЮС Опен мужчины Теннис Тимофей Скатов Тимофей Скатов 21:10 Бүгін Григор Димитров Григор Димитров Конференциялар лигасы Футбол Рапид Вена Рапид Вена 21:45 Бүгін Хартс Хартс Лига кубогы Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 23:45 Бүгін Чарльтон Чарльтон Ла Лига Футбол Реал Мадрид Реал Мадрид 00:00 Ертең Реал Сосьедад Реал Сосьедад Чемпиондар лигасы Футбол Целе Целе 00:00 Ертең Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол АЕК АЕК 00:00 Ертең Левски Левски Чемпиондар лигасы Футбол Викинг Викинг 00:00 Ертең Динамо Динамо Чемпиондар лигасы Футбол Лион Лион 00:00 Ертең Фенербахче Фенербахче

17.08.2026

Freedom QJ League: 15-турдан кейінгі жағдай қалай өзгерді?

Freedom QJ League: 15-турдан кейінгі жағдай қалай өзгерді?

Freedom QJ League-тің 15-туры аяқталды. U-17, U-16 және U-15 жас санаттарында көшбасшылар позициясын нығайтып, бірқатар командалар сәтсіз серияларын тоқтатты. Sport12.kz кезекті турдың басты нәтижелеріне шолу жасайды.

U-17: «Тараз» көптен күткен жеңісіне жетті

«Тараз» өз алаңында «Астананы» 4:1 есебімен жеңіп, бес турға созылған жеңіссіз сериясын тоқтатты.

Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін тараздықтар белсенділігін арттырып, Батырхан Серікбай, Бекнұр Талғатов және Нұрдәулет Әлемұлының голдарының арқасында айқын басымдыққа ие болды.

Қосымша уақытта «Астана» қорғаушысы Айқын Ордабек допты өз қақпасына бағыттап алды. Артынша елордалықтар сапынан Альтаир Құрманбеков бір голмен жауап қайтарды.

Жеңістен кейін «Тараз» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді.

«Шахтер» көшбасшы «Қайраттан» қалыспай келеді

Қарағандылық «Шахтер» «Ақтөбені» 5:1 есебімен жеңді.

Платон Шипицин дубль авторы атанса, Абылай Тоқтасын, Артем Лящук және Әли Садырбаев бір-бір голдан соқты. «Ақтөбенің» жалғыз добын Арсен Байжанов енгізді.

77-минутта ақтөбеліктер есепті қысқартуға мүмкіндік алғанымен, Ахмет Бақтыбаевтың пенальтиін қақпашы Байжан Асхат қайтарды.

Осы нәтижеден кейін «Шахтер» «Қайратпен» ұпай санын теңестірді. Алматылықтар доп айырмасы бойынша ғана алда тұр.

«Ақтөбенің» тоғыз матчқа созылған жеңіліссіз сериясы осымен аяқталды.

U-16: «Қайрат» жеңіліссіз сериясын жалғастырды

U-16 чемпионатында «Қайрат» сырт алаңда «Тобылды» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Кездесудегі екі голды да Мансұр Еркінбек соқты. Ол екінші таймда алты минуттың ішінде дубль жасап, командасына кезекті үш ұпайды сыйлады.

Алматылықтар 15 турдан кейін әлі жеңілген жоқ: команда 13 рет жеңіске жетіп, екі кездесуде тең түсті.

«Қайрат» осы аралықта 59 гол соғып, өз қақпасына небәрі үш доп жіберген.

«Ақтөбе» «Шахтердің» сериясын тоқтатты

«Ақтөбе» өз алаңында «Шахтерді» 3:0 есебімен жеңді.

Нұрдәулет Қалдымұратов бірінші таймда есеп ашса, үзілістен кейін Муслим Әлібек пен Әділет Орынбасар нәтижені еселей түсті. Орынбасар үшінші голды пенальтиден соқты.

Бұл «Шахтердің» маусымдағы екінші жеңілісі болды. Нәтижесінде көш бастап тұрған «Қайраттың» қарағандылықтардан басымдығы сегіз ұпайға дейін артты — 41 және 33 ұпай.

«Астана» төрт жеңілістен кейін үш ұпай алды

Елордалық «Астана» «Таразды» 4:1 есебімен жеңіп, сәтсіз сериясына нүкте қойды.

Кездесудің 8-минутында Ермұхамед Еркінұлы қонақтарды алға шығарғанымен, «Астана» бірінші таймның өзінде ойын барысын өзгертті.

Айсұлтан Дастанұлы, Нұрдәулет Назарбеков және Медет Мұхтарбек гол соғып, елордалықтарды алға шығарды. Матч соңында Диас Жақыбеков қорытынды есепті белгіледі.

«Астана» 21 ұпаймен жетінші орында келеді.

U-15: «Қайрат» басты қарсыласын ірі есеппен жеңді

«Қайрат» Қостанайда екінші орында келе жатқан «Тобылды» 4:1 есебімен жеңіп, чемпиондық жолындағы басымдығын арттырды.

22-минутта қостанайлық қақпашы Ізбасар Баймусиннің автоголынан кейін есеп ашылды. Екінші таймның басында Артем Тян «Қайраттың» екінші добын соқты.

«Тобыл» Ілдар Жармағамбетовтің голынан кейін есеп айырмасын қысқартқанымен, матч соңында Абдурахим Оңғарбек дубль жасап, алматылықтардың жеңісін бекітті.

Оңғарбектің осы маусымдағы көрсеткіші — 12 гол және 12 нәтижелі пас.

«Қайрат» енді екінші орындағы «Тобылдан» 13 ұпайға алда келеді.

«Жас Қыран» жүлделі орынға жақындады

Алматыда өткен нәтижелі кездесуде «Жас Қыран» «Ертісті» 5:2 есебімен жеңді.

Павлодарлықтар сапынан Айдос Өтепов пен Алихан Айтмұхамбет мергендік танытты. Алаң иелері Микаэль Ауду, Абдуғафур Абдуллаев, Әлисултан Қанапия және Александр Кулибабаның дублі арқылы жеңіске жетті.

Кулибаба алаңға тек 50-минутта шыққанына қарамастан, екі гол соғып үлгерді.

Осы жеңістен кейін «Жас Қыран» үшінші орындағы «Ертіске» бір ұпайға дейін жақындады.

«Атлетико» жеті гол соқты

«Атлетико» «Каспийді» 7:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ерсұлтан Құрманғали мен Нұртөре Дүйсеналы дубль жасады. Сондай-ақ Даниял Шарапат, Мұхаммад Мұртазалиев және Науан Жамбаев бір-бір голдан соқты.

Бұл «Атлетиконың» қатарынан екінші сәтті нәтижесі болды. Команда 11 ұпаймен оныншы орында тұр. Ал төрт ұпай жинаған «Каспий» турнир кестесінің соңғы сатысында келеді.

15 турдан кейінгі үздік сұрмергендер

U-17: Тимур Тұғамбеков («Жас Қыран») — 11 гол.

U-16: Балахмет Әділбек («Тобыл») — 13 гол.

U-15: Абылай Тұрсын («Қайрат») — 21 гол.

Үздік ассистенттер

U-17: Темірлан Абжапар («Қайрат») — 9 нәтижелі пас.

U-16: Алихан Карим («Шахтер») — 9 нәтижелі пас.

U-15: Абдурахим Оңғарбек («Қайрат») — 12 нәтижелі пас.


Біздің серіктес: Sport12kz