30.05.2025
Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы турнирде қола жүлде жеңіп алды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Үстел теннисінен қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
13 жастағы отандасымыз жарыс барысында төрт қарсыласын тізе бүктіріп, жартылай финалда жеңіліс тапты.
Осылайша Жәния Бекмұхамбетова айтулы додада үшінші орыннан көрінді.
Еске салсақ, жас теннисшіміз осыған дейін Болгария мен Испанияда өткен халықаралық турнирлерде топ жарған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи