10.06.2025

Рафаэль Надальдың ракеткасы рекордтық сомаға сатылды

Рафаэль Надальдың ракеткасы рекордтық сомаға сатылды

Фото: Tim Clayton / Corbis / Getty Images

Испаниялық теннисші Рафаэль Надальдың 2017 жылғы «Ролан Гаррос» финалында ұстаған ракеткасы Prestige Memorabilia аукционында 157 333 долларға сатылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Арнайы тапсырыс арқылы жасалған Babolat ракеткасымен Рафаэль Надаль сегіз жыл бұрын Франция ашық біріншілігінің финалында швейцариялық Стэн Вавринканы 3:0 (6:2, 6:3, 6:1) есебімен жеңіп, турнирдің 10 дүркін чемпионы атанған еді.

Бұл – ең қымбат сомаға сатылған теннис ракеткасы ретінде тарихта қалды. Бұған дейінгі рекордты тіркеген ракетка да Надальға тиесілі еді. Рафаэль аталған ракеткамен 2022 жылғы Аустралия ашық чемпионатының финалында ресейлік Даниил Медведевті бес сеттің қорытындысы бойынша камбэк жасап, 5 сағат 24 минуттың ішінде 3:2 (2:6, 6:7, 6:4, 6:4, 7;5) есебімен жеңген болатын. Sotheby's аукционында сатылған бұл ойын ракеткасының құны 139 700 еуроны құрады.

Айта кетейік, 39 жастағы Рафаэль Надаль – АТР санатындағы 92 титулдың иегері. Оның ішіндегі 22-сін «Үлкен дулыға» турнирлерінде жеңген. Надаль – екі дүркін Олимпиада чемпионы. Теннисші 2008 жылғы жазғы ойындарда жекелей сында топ жарса, 2016 жылы Марк Лопеспен жұптық сайыста тұғыр биігіне көтерілді. Испания ұлттық құрамасымен бірге Дэвис кубогында 9 мәрте чемпион атанды. Надаль әлемдік рейтингте жалпы 209 апта бойы алдына жан салмай келді. Үлкен теннистегі мансабына 2024 жылы Малагада өткен Дэвис кубогында нүкте қойды.

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

Футбол 2 сағат бұрын

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Футбол 3 сағат бұрын

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Басқа 5 сағат бұрын

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Футбол 5 сағат бұрын

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

Бокс 5 сағат бұрын

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды

Футбол 6 сағат бұрын

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды