Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.06.2025

Юлия Путинцева Ұлыбританияда сенсациялық жеңіліске ұшырады

Юлия Путинцева Ұлыбританияда сенсациялық жеңіліске ұшырады

Фото: Dan Istitene / Getty Images

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Ұлыбритания астанасы Лондонда өтіп жатқан HSBC Championships WTA 500 турнирінің алғашқы айналымынан әрі аса алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың 1/16 финалында Юлия (WTA: 24) жергілікті Хитер Уотсонға (WTA: 164) жол берді.

Шөптегі кортта өткен кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Осы аралықта Юлия 3 эйс пен 2 брейк жасап, қос қателікке мүлде бой алдырмады. Алайда, матч нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (4:6, 3;6) есебімен есе жіберді.

Осыған дейін Путинцева Франция астанасы Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирінің 1/16 финалында ресейлік Мирра Андрееваға (WTA: 6) жеңілген еді

Айта кетейік, 15 маусымға дейін жалғасатын дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 1 415 000 долларды құрайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан