22.09.2025
Денис Евсеев Қытайда «Челленджер» турнирін сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Қытайда өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің іріктеу кезеңінде финалға шықты.
Сегізінші нөмірмен бақ сынаған Евсеев алғашқы ойында Қытай өкілі Яо Дзенгті сенімді жеңді. Кездесу 6:4, 6:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.
Енді Евсеев турнирдің негізгі сеткасына жолдама алу үшін Тайвань теннисшісі, төртінші нөмірлі Тун-Лин Вумен күш сынасады. Бұл кездесу Пекиндегі турнир іріктеуінің шешуші ойыны болмақ.
Біздің серіктес: Sport12kz