10.04.2026
Рыбакина топырақта үздік нәтиже көрсетуде
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина топырақ жабындысындағы жоғары нәтижесімен ерекшеленіп отыр.
Журналист Лиам Макмилланның мәліметінше, әлемнің екінші ракеткасы мансабы барысында топырақта үш титул жеңіп алған. Сонымен қатар, 2020 жылы Страсбург турнирінің финалына дейін жеткен. Соңғы үш маусымда ол әр жыл сайын кемінде бір жарыста жеңіске жеткен.
Статистикаға сүйенсек, Рыбакинаның топырақтағы нәтижесі — 63 жеңіс және 23 жеңіліс. Бұл шамамен 73 пайыздық көрсеткішке тең. Аталған көрсеткіш оның басқа жабын түрлерімен салыстырғанда ең үздігі саналады: хардта — шамамен 71%, ал шөпте — 72%.
Қазақстандық теннисшінің келесі жарысы 13 сәуірде басталатын Штутгарттағы WTA 500 турнирі болмақ. Айта кетейік, ол бұл турнирде 2024 жылы жеңімпаз атанған.
Сондай-ақ, Рыбакина Канадаға қарсы Billie Jean King Cup іріктеу матчтарына қатыспайды. Бұл кездесулерде негізгі жүктеме Юлия Путинцеваға түседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан