Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

10.04.2026

Бүгін Бублик әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

Бүгін Бублик әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 11-орын) бүгін Монте-Карлода өтіп жатқан турнирдің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы, испандық Карлос Алькарасқа қарсы кортқа шығады.

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.

Бублик жарыс жолында француз Гаэль Монфисті (199-орын) және чехиялық Иржи Легечканы (13-орын) жеңіп келді. Ал Алькарас аргентиналық Себастьян Баэсті (65-орын) және Томас Мартин Этчеверриді (30-орын) ұтты.

Айта кетейік, Монте-Карло турнирі 5–12 сәуір аралығында өтуде. Жалпы жүлде қоры 6 309 095 еуроны құрайды. Чемпионға 974 370 еуро және 1000 рейтингтік ұпай беріледі. Қазіргі турнирдің чемпионы — Карлос Алькарас.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан