Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

6 күн бұрын

Қазақстандық теннисшілер жұптық ойында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисшілер жұптық ойында жеңіске жетті

Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Канадаға қарсы матчта есепте алға шықты.

Қарсыласудың екінші күні жұптық кездесумен басталды. Қазақстан намысын қорғаған Анна Данилина мен Жібек Құламбаева кортта Бьянка Андрееску мен Кайла Кроссқа қарсы ойнады.

Алғашқы сет 7:5 есебімен қазақстандық теннисшілердің пайдасына шешілсе, екінші партияда олар айқын басымдық танытып, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, жалпы есеп Қазақстан — Канада матчында 2:1 болды. Енді алда жекелей кездесулер өтеді.

Еске салайық, алғашқы ойын күні Юлия Путинцева Кайла Кроссты жеңген еді (6:3, 7:5), алайда кейін Бьянка Андрееску Соня Жиенбаеваны ұтып, есепті теңестірген болатын.

Айта кетейік, іріктеуде бес кездесудің үшеуінде жеңіске жеткен команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Финалдық турнир күзде Қытайда өтеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан