4 күн бұрын
Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалды
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Штутгарттағы WTA 500 турнирі қарсаңында жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Жаңартылған тізімде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина екінші орнын сақтап қалды. Бірінші орында беларусь өкілі Арина Соболенко тұр, ал үшінші сатыға америкалық Кори Гауфф жайғасқан.
Айта кетейік, Рыбакина Штутгарттағы турнирді екінші айналымнан бастайды. Ол алғашқы матчында Тамара Корпач пен Диана Шнайдер арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Сонымен қатар, қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева рейтингте үш сатыға төмендеп, 77-орынға түсті.
Ал ресейлік Мирра Андреева топ-10 қатарына еніп, тоғызыншы орынға көтерілді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан