4 күн бұрын
Бублик соңғы сәтте қарсыласын ауыстырды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мюнхендегі ATP 500 турнирі қарсаңында күтпеген өзгеріске тап болды.
Бастапқыда қазақстандық теннисші алғашқы айналымда польшалық Хуберт Хуркачпен кездесуі тиіс еді. Алайда ол денсаулығына байланысты турнирден бас тартты. Соның нәтижесінде Бубликке шұғыл түрде жаңа қарсылас анықталып, чехиялық Алекс Молчанмен ойнайтын болды.
Кездесу 14 сәуірге жоспарланған, матч Қазақстан уақытымен 13:00-де басталады.
Айта кетейік, Александр Бублик бұл турнирге Монте-Карлодағы «Мастерс» жарысынан кейін келіп отыр. Ол жарыста ширек финалға дейін жетіп, әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарасқа жол берген еді.
Сонымен қатар, теннисшінің турнирге дайындығы әкесі Станислав Бубликтің мәлімдемесінен кейінгі қызу талқылаулар аясында өтіп жатыр.
Қазіргі таңда Александр Бублик ATP рейтингінде 11-орында тұр және Қазақстанның ерлер теннисіндегі көшбасшысы саналады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан